Ақтауда 300 ден астам теңіз жаяу әскері мамандық бойынша оқудан өтті
Әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілерін даярлау тәжірибелі командирлер мен бөлімше сержанттарының басшылығымен ұйымдастырылды.
Сабақтарды сапалы өткізу үшін 25 оқу тобы құрылды. Әскери қызметшілер штаттық қару-жарақтың, әскери техниканың материалдық бөлігімен танысып, оны пайдалану тәртібін игерді. Парашютпен секіру, оқ ату, жауынгерлік техниканы басқару, штаттық байланыс құралдарын пайдалану және алғашқы медициналық көмек көрсету дайындықтарына ерекше назар аударылды.
– Оқу барысында әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін, қаруды ұрысқа келтіру тәртібін, штаттық қарудан және жауынгерлік машиналардан ату негіздерін зерделеді. Әскери қызметшілер қазіргі заманғы ұрыс жағдайында кез келген міндеттерді орындауға дайын болуы үшін біз осы құрамдас бөліктердің әрқайсысын мұқият пысықтадық, – деп атап өтті теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының командирі капитан Мұрат Ибрагимов.
Іс-шаралар әскери қызметшілер бөлімше құрамында тапсырмаларды орындауда дайындықтың жоғары деңгейін көрсеткен бақылау сабақтарымен аяқталды.
Оқытудың келесі кезеңінде теңіз жаяу әскерлері бөлімшелер құрамындағы дайындықты жалғастыратын болады. Бұл олардың жауынгерлік бірлігін және әскери ұжымда тиімді әрекет ету қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -