Абай облысына Татарстаннан делегация келді
Абай облысына жұмыс сапарымен Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров бастаған делегация келді.
Меймандарды әуежайдан облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков және қала әкімі Талғат Мұратов күтіп алды.
Сапар аясында қонақтар Семей қаласы мен өңірдегі бірнеше кәсіпорындардың жұмысымен танысады. Сонымен қатар, облыстың бизнес өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -