Абай облысында АӨК дамыту: өндірістің өсуі, инвестициялар және импортты алмастыру
Агроөнеркәсіптік кешен экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы тиіс. Бұл бизнес үшін де, мемлекет үшін де басымдық болып табылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді.
«Ең алдымен, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауыл тұрғындарының өмірі мен әл-ауқаты да саланың жай-күйіне тікелей байланысты», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Абай облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жалғасуда. 2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 760,2 мың га құрады. Бұған су үнемдеу технологияларын әртараптандыру мен енгізудің нәтижесінде қол жетті. Атап айтқанда, жемшөп дақылдарының ауданы 17,1 мың гектарға, картоп – 2,3 мың гектарға ұлғайтылды.
Дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі гектарына 12-ден 15 центнерге дейін өсті. 2024 жылы суармалы жердің көлемі 30,1 мың га, оның ішінде 13,8 мың га жаңбырлатып және тамшылатып суаруды пайдаланды. Бұл жемшөп көлемін арттырып қана қоймай, мал шаруашылығының дамуына да ықпал етті.
Өткен жылы облыста мал басы айтарлықтай өсті: ірі қара мал – 42,1%, қой – 21,4%, ешкі-40,7% - ға артты. Жылқы саны бұрынғы деңгейде қалды-350 мың бас.
Мал шаруашылығы өнімдерінің (ет өнімдері) өнімділігінде оң динамика байқалады. 2024 жылы сиыр еті 1,1%, құс еті 1,1%, сүт 2,5%, тауық жұмыртқасы 3,1%-ға өсті.
Өңірде көкөніс өнімдерін сақтау үшін жалпы сыйымдылығы 51,8 мың тонналық 13 қойма жұмыс істейді. Бұл жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттіліктерін өтейді.
«2024 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына инвестициялар тарту жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. Болжам бойынша 40,5 млрд теңге, іс жүзінде 43,2 млрд теңге салынды. 2025 жылы кемінде 48 млрд теңге тарту көзделген. Аймақта 2 ет комбинаты, 1 етті бағыттағы тауық фабрикасы мен 10 мың басқа арналған өндірістік бордақылау алаңын салу мен 5,4 мың гектар егістік алқапқа суару жүйесі орнатылмақ. Аграрлық секторды қолдауға мемлекет 14,4 млрд теңге субсидия бөлді. Импортты алмастыру бойынша жұмыс жалғасуда. Өңір өзін негізгі азық-түлік тауарларының 14 түрімен қамтамасыз етеді», - деді облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов.
2024 жылы өңірде 76,7 мың тонна ұн, 2,5 мың тонна макарон өнімдері, 122,8 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы, 4,6 мың тонна өңделген сүт, 320 тонна ірімшік пен сүзбе, 179 тонна сары май және 1 254 тонна шұжық өнімдері өндірілді.
Маңызды жобалардың бірі - 2025 жылы қуаттылығы жылына 72 мың тонна болатын «Qazaq Astyq Group» ЖШС кәсіпорнында тазартылған өсімдік майын өндіру желісін іске қосу. Жобаның инвестициясы 7,2 млрд теңгені құрайды.
Әкім орынбасары бұл шаралардың барлығы өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, ауыл шаруашылығын дамытуға және импорттық тауарларға тәуелділікті азайтуға бағытталғанын айтты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -