Абай облысындағы терроризмге қарсы оқу-жаттығулар туралы
2024 жылғы 22 мен 24 мамыр аралығында Жарма ауданы Қалбатау ауылы, Аягөз ауданы Аягөз ауылы және Үрджар ауданы Үрджар ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығуларлар өткізу жоспарлануда.
Оқу – жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алыныз, жалған таралмауына жол бермеулеріңізді сұраймыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Абай облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -