АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ШАҚЫРЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ: Астана қаласы, 09 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ШАҚЫРЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және педагогикалық тәжірибе алмасу мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ жетекші шетелдік ғалымдарды шақырған болатын. Қазіргі таңда шетелдік профессорлар, Бурса Улудаг университетінің профессоры Салих Чепни, Трабзон университетінің профессоры Муаммер Чалих (Түркия) және Окаяма университетінің профессоры Хироки Фуджи (Жапония), университеттің жаратылыстану және география факультетінің білім алушыларына дәрістер мен семинарлар өткізіп, оқытушылары мен жас ғалымдарымен тәжірибе алмасуда.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – педагогикалық тәжірибе мен озық инновациялармен алмасу алаңын қалыптастыру. Шетелдік ғалымдармен өзара байланыс орнату заманауи білім беру технологияларын енгізуге және жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал етеді. Университеттің бастамасымен ғалымдар Ораз Жандосов атындағы №105 гимназияда болып, университет пен мектеп арасындағы байланысты нығайта түсті.

Сапар барысында шетелдік профессорлар қазақстандық мектептердің күнделікті қызметімен танысып, оқушылармен және ұстаздармен отандық білім беру жүйесінің ерекшеліктерін талқылады, сондай-ақ оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық тәсілдерді зерделеді.

Абай университетінің бастамасы қазақстандық мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне халықаралық сарапшылармен білім және тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік берді. Шетелдік профессорлардың пікірінше, мұндай тәжірибе алмасу кәсіби дамуға ықпал етіп қана қоймай, қатысушылардың көкжиегін кеңейтіп, оларға заманауи білім беру тенденциялары мен тәсілдерін тереңірек түсінуге ықпал етеді.

Мұндай іс-шаралар әртүрлі дамыған елдердің білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете отырып, бірлескен ғылыми және білім беру жобалары үшін жаңа перспективаларға жол ашады. Бұл бастамалар халықаралық байланыстарды нығайтып қана қоймай, жоғары оқу орындары мен мектептердегі білім сапасына оң әсер ететін инновациялық білім беру технологияларын енгізу үшін жағдай жасайды.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар