Қадірлі отандастар, құрметті спортшылар!
Елімізде спорт күнін мерекелеуге орай жеке өз атымнан және Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы атынан шын жүректен шыққан құттықтауды қабыл алыңыздар!
Барлық уақытта халық денсаулықты адамның басты байлығы деп санаған. Осы ежелгі өсиетке сүйене отырып, мемлекет азаматтардың рухани байлығын және денсаулығын нығайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап келеді.
Биыл еліміздің спортшылары, оның ішінде армия спортшылары Париж Олимпиадасында лайықты өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль салды. Олардың қатарында Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшылары капитан Ғұсман Қырғызбаев, қатардағы жауынгер Ислам Сәтбаев, қызметкерлер Нариман Құрбанов, Демеу Жадыраев бар. Олар Қазақстан спорттық жетістіктерінің тарихына өз есімдерін жазып, екі күміс және екі қола медаль олжалады.
Спорт - бұл елдің абыройы мен беделі үшін жұмыс істейтін сала. Тәуелсіздік жылдарында біздің спортшылар ірі халықаралық жарыстарда көптеген жеңістерге жетті. Осы жеңістердің құрметіне Қазақстанның туы мақтанышпен көтерілді.
Қарулы күштерде спортшыларды даярлаумен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы айналысады. Әскерде спортпен шұғылдану - әскери қызметшінің жауынгерлік даярлығының басты құрамдас бөлігі. Олар күш пен төзімділікті, сондай-ақ ерікті қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Қарулы күштердің спортшылары 39 рет Олимпиада ойындарында жеңімпаз және жүлдегерлер атанды. Әлем біріншіліктерінің 637 алтын, 420 күміс және 489 қола медальдарын, Еуропа және Азия континенттік жарыстарының әртүрлі номинацияларындағы 1900-ден астам медальдарды жеңіп алды. 3000-нан аса ТМД чемпиондары атанды. 1992 жылдан бастап 12 мыңнан астам әскери мақтанышпен ел чемпионы атағына ие болды. Бұл отандық спорттың әлемдік деңгейге жеткенінің нақты көрсеткіші.
Құрметті отандастар! Тек дені сау ұлтты бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан спортты дамыту болашақ ұрпақ үшін өте маңызды.
Сіздерді мерекемен құттықтаймын! Сіздерге денсаулық, амандық және сарқылмас спорттық қуат тілеймін. Қазақстандық спортшылардың жетістіктері мен жеңістері көбейсін!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -