Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік мекемелерінде болды
26-27 маусымда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы бірнеше әлеуметтік мекемені аралады. Олардың қатарында Айыртау ауданының қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, «Айыртау» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Жастар үйі бар.
Бару кезінде Уәкіл кеңсесінің өкілдері балалардың тұрмыстық жағдайымен, оның ішінде жатын бөлмелерінің, медициналық кабинеттердің, асханалардың және басқа да үй-жайлардың жай-күйіне ерекше көңіл бөлді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері аталған мекемелерде тұратын мүмкіндігі шектеулі науқастармен және балалармен жеке әңгімелесті. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлерімен мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Уәкіл кеңсесінің өкілдері тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша тиісті ұсыныстар берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -