Агенттік делегациясы Нью-Йоркте Kazakhstan Finance Day форумына қатысты: Алматы қаласы, 31 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Агенттік делегациясы Нью-Йоркте Kazakhstan Finance Day форумына қатысты

28 қазанда Нью-Йоркте Қазақстан Ұлттық Банкі Citigroup, Mastercard, Visa, Solidcore Resources компанияларымен және АҚШ Сауда Палатасымен серіктесе отырып, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырған, шетелдік инвесторларға арналған Kazakhstan Finance Day форумы өтті.

Іс-шара Citigroup корпорациясының Нью-Йорк іскерлік орталығындағы штаб-пәтерінде өтті және Blackstone, Ashmore, JP Morgan, Cerberus, Apollo Global Management, KKR, Bloomberg жәнет.б. қоса алғанда, екі елдің қаржы нарығының 450-ден астам өкілдерін біріктірді.

Форум жұмысына Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, Қазақстан қор биржасының, Kaspi.kz, Halyk Bank, Freedom Holding және даму институттарының өкілдері қатысты.

Kazakhstan Finance Day жаһандық қаржы нарығының қатысушылары мен әлеуетті инвесторларға Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерімен, қаржы нарығының дамуы, цифрландыру саласындағы соңғы жетістіктер және ұлттық қаржы инфрақұрылымын дамыту басымдықтары туралы өзекті ақпаратпен танысуына мүмкіндік берді.

Форумда Агенттік Төрағасы Мәдина Әбілқасымова сөз сөйледі. Реттеуші басшысы банк секторын, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын қоса алғанда, қаржы нарығының ағымдағы жай-күйі, қаржылық реттеудегі негізгі реформалар және қаржы нарығын дамыту жөніндегі жаңа бастамалар туралы хабарлады.

Агенттік Төрағасы еншілес шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашуға және банктер туралы жаңа заң әзірлеуге қойылатын талаптарды ырықтандыру жөніндегі реформалар туралы да хабарлады.

Қазақстанның қаржы-технологиялық индустриясының көшбасшылары – Kaspi.kz, Halyk Bank, Freedom Holding американдық инвесторларға банктік өнімдерді цифрландыру, банктердің мобильдік қосымшаларын, экожүйелері мен маркетплейстерін дамыту саласындағы жетістіктерін ұсынды.

Форум барысында тікелей және портфельдік инвестициялар бойынша инвесторлар мен қаржы нарығына кәсіби қатысушылар үшін жеке сессиялар мен презентациялар өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар іске асырылған және жоспарланған экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Делегаттар макроэкономикалық саясаттың тиімділігін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және елдің бизнес үшін инвестициялық тартымдылығын атап өтті.

Сыртқы коммуникациялар Басқармасы

+7 (727) 237 1089

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар