Агенттік, Корея Республикасының Қаржылық көрсетілетін қызметтер комиссиясы (FSC) мен Қаржылық қадағалау комиссиясы (FSS) арасында Банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы
2024 жылғы 12 маусымда Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Корея Республикасының Қаржылық көрсетілетін қызметтер комиссиясы (FSC) мен Қаржылық қадағалау қызметі (FSS) арасында Банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы қаржы нарықтары саласындағы өзара іс-қимылды тереңдететін маңызды қадам болып табылады. Тараптар заңсыз қызметке жол бермеу, банктердің орнықтылығын арттыру және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында банк қызметтерін тиімді қадағалауды қамтамасыз етуде ынтымақтасуға уағдаласты.
Меморандум Базель Банктерді қадағалау комитетінің ұсынымдарын ескере отырып, сондай-ақ банктерді реттеу саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленді.
Қазақстанда активтерінің көлемі 800 миллиард теңгеден асатын кореялық «Шинхан Банк» жұмыс істейтінін еске сала кетейік.
Салтанатты қол қою рәсімі Ақордада Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Мемлекет басшыларының, екі елдің қаржылық реттеушілері мен мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен өтті.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -