Агенттік пен ХВҚ өкілдері Қазақстанның қаржы секторының қазіргі жай-күйін талқылады
Агенттік басшылығы ХВҚ-нің Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланшемен 19 қыркүйектегі сапары аясында кездесу өткізді.
Тараптар қаржы секторының ағымдағы жай-күйін, ХВҚ-нің Қаржы секторын бағалау бағдарламасы (FSAP) бойынша ұсынымдарын іске асыру жөніндегі жол картасының орындалу барысын талқылады.
Агенттіктің ақпараты бойынша қаржы секторы тұрақты және серпінді дамуда. Банк секторының активтері 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бері 10,4%-ға ұлғайып, 56,8 трлн теңгені құрады, экономикаға кредиттер 9,3%-ға 30,5 трлн теңгеге дейін өсті, банктердің меншікті капиталы 7,8 трлн теңгеге жетті.
Сақтандыру ұйымдарының активтері ағымдағы жылдың басынан бері 9,0%-ға 2,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды, сақтандыру сыйлықақылары 823,9 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 42,6%-ға көп. Акциялар мен корпоративтік облигациялар нарығын жиынтық капиталдандыру ағымдағы жылдың басынан бері 16,9%-ға 47,1 трлн теңгеге дейін өскен.
Кездесу барысында Агенттік миссия мүшелерін банктер капиталына қадағалау үстемесін енгізуді, консервациялық буферді және левередж нормативін ұлғайтуды қоса алғанда, Базель комитетінің стандарттарына одан әрі жақындау, жұмыс істемейтін активтерді айқындауды кеңейту, шоғырландырылған қадағалауды енгізу, төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің құқықтық тетіктерін әзірлеу және стрестік активтер нарығын дамыту жөніндегі жұмысы туралы хабардар етті.
ХВҚ сарапшыларына тәуекелге бағдарланған қадағалауды одан әрі кеңейту және тұтынушылық кредиттеу сегментіндегі тәуекелдерді шектеу, криптоактивтерді пайдаланатын да КЖ/ТҚ тәуекелдерін барынша азайту үшін банктердің комплаенс-рәсімдерін қадағалауды күшейту бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берілді.
ХВҚ өкілдері Агенттіктің қаржы нарығын тәуекелге бағдарланған қадағалау мен реттеуді дамытудағы айтарлықтай жетістіктерін, ХВҚ-ның техникалық көмек жобаларының тиімділігін атап өтті.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -