Агенттік Төрағасы сақтандырушылармен сақтандыру секторын дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді
ҚР
Қаржы
нарығын
реттеу
және
дамыту
агенттігінің
Төрағасы
Мәдина
Әбілқасымова
сақтандыру
секторын дамытудың өзекті мәселелерін
талқылау
үшінсақтандыру
нарығына
қатысушылармен
кезекті
кездесу
өткізді.
Кездесуге сақтандыру
омбудсманы,
Қазақстанқаржыгерлері
қауымдастығының,
Қазақстансақтандырушылары қауымдастығының,
Мемлекеттік
кредиттік
бюроның,
Сақтандыру
төлемдеріне
кепілдік
беруқорының өкілдері және
сақтандыру
ұйымдарының
басшылары
қатысты.
Сақтандыру
омбудсманы
Игорь Яковенко ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларыментаныстырды.
2024 жылғы қаңтардан бастап сақтандыру омбудсманының дауларды міндетті сотқа дейін реттеуін енгізу нәтижесінде сақтандыру омбудсманының офисіне келіп түскен сақтандыру ұйымдарының әрекеттеріне шағымдар саны 2024 жылғы бірінші жартыжылдықта өткен жылдың осындай көрсеткішімен салыстырғанда 3,6 есе өсті.
Жүргізілген талдау шағымдардың негізгі көлемі (барлық келіп түскен шағымның 88%-ы) міндетті автосақтандыруға тиесілі екенін көрсетті, шағымдардың басым бөлігінің негізгі мәні көлік құралына келтірілген залалдың мөлшерін бағалау мәселелері болып табылады.
Кездесу барысында сақтандыру омбудсманы сақтандыру қызметтерін тұтынушылармен жұмысты оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар берді. Атап айтқанда, көлік құралының ауыстырылатын бөлшектеріне бағалардың бірыңғай анықтамалығын енгізу және залалды өтеу және сақтандыру шарттарын бұзу мәселелері бойынша қалыптасқан сот практикасын талқылау үшін ҚР Жоғарғы сотының судьяларын шақыра отырып, Дөңгелек үстел өткізу ұсынылды.
Кездесуге қатысушылар міндетті автосақтандыру бойынша «бонус-малус» жүйесін жетілдіру тәсілдерін келісті. Негізгі өзгерістер жол-көлік оқиғасы кезінде келтірілген залалдың ауырлығын және жол қозғалысы ережелерін елеулі бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу болады.
Кездесудің қорытынды бөлігінде Агенттіктің Solvency 2 төлем қабілеттілігі стандартының қағидаттарын енгізу жөніндегі жоспарлары, бухгалтерлік есепті 17 ХҚЕС-ке көшірудің проблемалық мәселелері және Қазақстанда апатты тәуекелдерден сақтандыруды енгізу мәселелері талқыланды.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237-10-89, press@finreg.kz
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -