Агенттіктің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры тағайындалды: Астана қаласы, 03 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Агенттіктің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры тағайындалды

Дастан Әлжанов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

Д. Әлжанов М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітіріп, 2014 жылы сол университетте ұлттық экономика магистрі дәрежесін алды. 2018 жылы IHS (Вена, Австрия) институтында макроэкономикалық модельдеу курстарынан өтті.

Еңбек жолын 2014 жылы «QAZTRADE «МДМ» АҚ-да экономика салаларын талдау департаментінің сарапшысы ретінде бастады.

2016-2018 жылдары Назарбаев Университеті жанындағы «NAC Analytica» КҚ-да экономикалық модельдеу орталығының зерттеуші-талдаушысы болып жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ-де талдау және зерттеу департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің консультанты болды.

2020 жылдың шілде-желтоқсан айлары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2020-2024 жылдары «BTS Digital» ЖШС-де бизнес-талдаушы ретінде еңбек етті.

Сонымен бірге, 2022-2023 жылдар аралығында халықаралық стартаптарда кеңес берумен айналысқан.

2024 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Дастан Әлжанов ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

Д. Әлжанов М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітіріп, 2014 жылы сол университетте ұлттық экономика магистрі дәрежесін алды. 2018 жылы IHS (Вена, Австрия) институтында макроэкономикалық модельдеу курстарынан өтті.

Еңбек жолын 2014 жылы «QAZTRADE «МДМ» АҚ-да экономика салаларын талдау департаментінің сарапшысы ретінде бастады.

2016-2018 жылдары Назарбаев Университеті жанындағы «NAC Analytica» КҚ-да экономикалық модельдеу орталығының зерттеуші-талдаушысы болып жұмыс істеді.

2018-2020 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ-де талдау және зерттеу департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің консультанты болды.

2020 жылдың шілде-желтоқсан айлары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2020-2024 жылдары «BTS Digital» ЖШС-де бизнес-талдаушы ретінде еңбек етті.

Сонымен бірге, 2022-2023 жылдар аралығында халықаралық стартаптарда кеңес берумен айналысқан.

2024 жылғы шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің макроэкономикалық саясат департаментінің директоры болып тағайындалды.

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.

Аймақтағы жаңалықтар