Агроөнеркәсіптік кешеннің 12 басым бағыты бойынша 2,5 пайыздық жеңілдікпен бюджеттік несие алуға болады
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру, жаңа өндірістік қуаттарды құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, саланың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені саласындағы жобаларды несиелендіру ережесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық қабылдады.
Өзгерістер 12 бағыт бойынша жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруды қамтиды.
Олардың қатарында сүт-тауар фермаларын, ет бағытындағы құс фабрикаларын, ет шаруашылығы кәсіпорындарын, көкөніс қоймаларын құру жобалары бар.
Сондай-ақ қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, суармалы егіншілікті дамыту, өнеркәсіптік жылыжай кешендері, жеміс қоймалары, балық шаруашылығы
,
балық өңдеу зауыттары, құс шаруашылығындағы асыл тұқымды репродукторлары, ауыл шаруашылығы өнімдерін одан әрі терең өңдеу және сақтау кәсіпорындары, оның ішінде жүн және тері, қаптама материалдарын өндіру салалары да мемлекеттік қолдауға ие болады.Кәсіпкерлер 10 жылға дейін 2,5 пайыздық жеңілдікпен несие қаражатын пайдалана отырып, өз жобаларын жүзеге асыра алады. Несиенің ең жоғары сомасы 5 млрд теңгеге дейін.
Ережеге енгізілген өзгерістерге сілтеме:
http://10.61.42.188/kaz/docs/V2400034466
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -