Айдарбек Сапаров Алматы облысында Ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдің ветеринариялық қызметі жұмысындағы бірқатар кемшіліктерді, соның ішінде жануарлардың бақылаусыз қозғалуын, жануарларды диагностикалық зерттеулермен
уақтылы қамтылмауын, иелерінің f
уру жануарларды санитариялық союға тапсыру туралы нұсқамаларды сақтамауын атап өтті.
Ветеринарлық дәрігерлердің жұмысының сапасы сынға алынды.
"Жергілікті жерлерде ветеринарлық қызметтердің жұмысын күшейту қажет. ЖАО ветеринарлық дәрігерлері жануарларды сәйкестендіруді, халық арасындағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Ауру жағдайларын болдырмау үшін барлық шаруашылықтарды толық бақылау қажет", - деп тапсырды Айдарбек Сапаров.
Кеңесте
аса
жұқпалы аурулар ошақтарының алдын алу және жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осыған байланысты АӨК дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес барлық өңірлерді ветеринариялық пункттермен, мал қорымдарымен/инсинераторлармен және сою объектілерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жеделдету қажеттігі атап өтілді.
"Бүгінгі таңда бұл бағытта тек СҚ
О және Жетісу облысы жұмыс істеуде
, бірқатар басқа өңірлерде жұмыс ішінара жүргізілуде", - деп атап өтті министр әкімдіктердің ветеринариялық қызметтері индикативтерінің орындалуына мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құруды тапсырып.
Министрлік өз тарапынан мал шаруашылығы өнімдерін қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Ағымдағы
жылы Республикалық маңызы бар барлық облыстар мен қалаларда "Е
тті ветеринариялық-санитариялық сараптау" модулін енгізу аяқталады, бұл сараптама актілерін беру процесін автоматтандыруға және жануардың өмірлік циклінің қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-
ақ, жаңа цифрлық жүйе-карантиндеу және ҚР шегінен тыс жануарларды әкету кезінде карантинден өтудің толық циклін қадағалау үшін квоталау әзірленуде. Жүйені іске қосу ағымдағы айда жоспарланып отыр.
Содан кейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлардың ҚР шекарасы арқылы (экспорт-импорт) өту процестерін цифрландыру басталады, бұл барлық мал шаруашылығы өнімдерінің өтпелі қадағалануын, жануарлар мен жануарлардан алынатын жүктердің электрондық сертификатталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың қозғалу жолдарын да қадағалайды.
Әлсіз бақылау үшін бірқатар облыстардың аумақтық инспекцияларының басшыларына сөгіс жарияланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -