Аймақ басшысы Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен отырысқа қатысты
Облыс әкімі Ермек Көшербаев Өскемен қаласындағы қалалық кедендік ресімдеу орталығы және мемлекеттік кірістер басқармасы қызметімен танысты, сондай-ақ облыстық департаменттің отырысына қатысты.
– Өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз етуде, бюджеттік жоспарларды орындауға, әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға және халыққа қажетті қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін салықтың маңызы зор. Бүгінгі таңда күн тәртібінде ерекше назар аударуды және бірлескен күш-жігерімізді қажет ететін мәселелер өте көп, - деді аймақ басшысы.
Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері атап өткендей, өңірде жыл сайын сыртқы сауда айналымының өсуі байқалады.
- Биылғы жылдың 6 айында салық төлеушілер облыс бюджетіне 21 млрд теңге төледі, - деді ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Саят Бимағамбетов.
Жиын барысында мекеменің өткен жылғы жұмысының қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар кедендік әкімшілендіру және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мәселелерін талқылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -