Аймақ басшысы Париж олимпиадасына қатысатын атыраулық қос дзюдошымен кездесті: Атырау облысы, 12 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Аймақ басшысы Париж олимпиадасына қатысатын атыраулық қос дзюдошымен кездесті

Аймақ басшысы Париж олимпиадасына қатысатын атыраулық қос дзюдошымен кездесті

Аймақ басшысы Париж олимпиадасына қатысатын атыраулық қос дзюдошымен кездесті

Аймақ басшысы Париж олимпиадасына қатысатын атыраулық қос дзюдошымен кездесті

Аймақ басшысы Париж олимпиадасына қатысатын атыраулық қос дзюдошымен кездесті

Аймақ басшысы Париж олимпиадасына қатысатын атыраулық қос дзюдошымен кездесті

Аймақ басшысы Париж олимпиадасына қатысатын атыраулық қос дзюдошымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері, атыраулық қос дзюдошы Абиба Абужақынова мен Эсмигүл Куюлованы қабылдады. Өңір басшысы 26 шілдеде Париж төрінде өтетін жазғы олимпиада ойындарына жолдама алған спортшыларға сәттілік тіледі,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

- Алда үлкен дода тұр. Өткен Азия ойындарынан жүлдемен оралған кездесуімізде Париж олимпиадасына қатысу мәселесі сөз болып, алаңсыз дайындалу үшін барлық жағдай жасауға уәде бердік, сөзімізде тұрдық. Енді сіздер облыстың ғана емес, Қазақстанның намысын қорғайсыздар. Бүгінгі кездесу ел ағаларының батасын, халқының алғысын алсын деген ниетпен ұйымдастырылып отыр. Қызыл кілемде сәттілік серік болып, бақтарыңыз озсын. Жаһанның менмін деген мықтыларымен сынасу - ерліктің ісі. Чемпион болуды кім қаламайды?! Сондықтан алдымен өзіңіз үшін, кейін сізге сенген халқыңыз үшін аянбай тер төгіп, еліміздің атын асқақтатыңыздар. Біз сіздерге сенеміз, қолдау ешқашан үзілмейді!-деді С.Шәпкенов.

Кездесуде Париж олимпиадасына дайындық, жаттығу барысындағы қиындықтар, қарсыласты зерттеу, психологиялық дайындық сынды өзге де тақырыптарда әңгіме өрбіді.

Анықтама үшін: 26 шілдеде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында атыраулық қос дзюдошы Абиба Абужақынова 48 келіде, Эсмигүл Куюлова 63 келіде бақ сынасады.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Атырауской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері, атыраулық қос дзюдошы Абиба Абужақынова мен Эсмигүл Куюлованы қабылдады. Өңір басшысы 26 шілдеде Париж төрінде өтетін жазғы олимпиада ойындарына жолдама алған спортшыларға сәттілік тіледі,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.</p> <p>- Алда үлкен дода тұр. Өткен Азия ойындарынан жүлдемен оралған кездесуімізде Париж олимпиадасына қатысу мәселесі сөз болып, алаңсыз дайындалу үшін барлық жағдай жасауға уәде бердік, сөзімізде тұрдық. Енді сіздер облыстың ғана емес, Қазақстанның намысын қорғайсыздар. Бүгінгі кездесу ел ағаларының батасын, халқының алғысын алсын деген ниетпен ұйымдастырылып отыр. Қызыл кілемде сәттілік серік болып, бақтарыңыз озсын. Жаһанның менмін деген мықтыларымен сынасу - ерліктің ісі. Чемпион болуды кім қаламайды?! Сондықтан алдымен өзіңіз үшін, кейін сізге сенген халқыңыз үшін аянбай тер төгіп, еліміздің атын асқақтатыңыздар. Біз сіздерге сенеміз, қолдау ешқашан үзілмейді!-деді С.Шәпкенов.</p> <p>Кездесуде Париж олимпиадасына дайындық, жаттығу барысындағы қиындықтар, қарсыласты зерттеу, психологиялық дайындық сынды өзге де тақырыптарда әңгіме өрбіді.</p> <p>Анықтама үшін: 26 шілдеде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында атыраулық қос дзюдошы Абиба Абужақынова 48 келіде, Эсмигүл Куюлова 63 келіде бақ сынасады.</p>

Аймақтағы жаңалықтар