«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жыл басынан бері 4,2 мың адам жұмысқа орналастырылды: Астана қаласы, 14 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында жыл басынан бері 4,2 мың адам жұмысқа орналастырылды

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру шеңберінде 4,2 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2024 жылы осы бағыт бойынша барлығы 8,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,3 мың адам, Шымкент қаласында – 1,1 мың адам, Алматы облысында – 302 адам және Жамбыл облысында – 264 адам тіркелді. Жобаға қатысатын әйел азаматтар үлесі 59,1% немесе 2,6 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі 2,3 мың адамды немесе 52,9% құрайды.

Бұл жобаға жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Ол үшін Мансап орталығына өтініш беру керек.

Оқу орындарының түлектері үшін «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе байланысты кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасын қаржыландыруды Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс беруші ұсынған ай сайынғы мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

Жалақыны субсидиялау мерзімі 18 айдан аспайды, субсидия мөлшері 30 АЕК-ті құрайды.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды кемінде 12 ай мерзіммен тұрақты жұмыс орнына орналастыруға міндетті.

Жобаға қатысушылардың бірі Мәдина Байжанова, ол осы жылдың басында «Ақсу қаласының №2 бөбекжайы» КМҚК-да 18 ай мерзімге тәрбиеші болып жұмысқа орналасты.

«Әрбір түлек оқу орнын бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келетіні анық, Мен де солардың қатарында бодым. Колледжді «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» мамандығы бойынша тәмамдап, жұмыс іздеп Павлодар облысы Ақсу қаласының Мансап орталығына жүгіндім.

Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты мен жұмыс тәжірибесінің болмауына байланысты тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу қиынға соқты. Жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін Мансап орталығының мамандары маған қолайлы бос жұмыс орындарын ұсына бастады. Берілген бағыт бойынша әңгімелесу өтті және бүгінгі күні мұнда тәрбиеші болып жұмыс істеймін», – деді жас маман.

Павлодар облысында 2024 жылы «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 299 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар