«Алғысқа ештеңе жетпейді»: 10 адамды ажалдан аман алып қалған астаналық құтқарушы туралы не білеміз: Астана қаласы, 19 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Алғысқа ештеңе жетпейді»: 10 адамды ажалдан аман алып қалған астаналық құтқарушы туралы не білеміз

Бүгінде бейбіт күннің батырына баланатын, адам өмірін аман алып қалу үшін өз өмірін қауіпке тігіп, тәуекелге бел буатын құтқарушылар аз емес. Елорда әкімдігі сондай құтқарушының бірі – Астана қаласы ТЖД жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Жанат Камерденов туралы ақпаратты назарыңызға ұсынады.

Жанат Болатұлы бала кезінен әскери адам болуды армандаған. Бала арманын орындау үшін Қарағандыдағы колледждің біріне «Төтенше жағдайлар» факультетіне түсіп, оны қызыл дипломмен тәмамдады. «Тау-кен құтқарушысы» мамандығын алған ол әрі қарай Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде «Тіршіліктегі қауіпсіздік» мамандығын игерді. Одан соң Беларусь еліне аттанып, сырттай бөлімде оқып, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою инженері» мамандығы бойынша біліктілігін арттырды.

Жанат Камерденовтің төтенше жағдайлар саласында қызмет еткеніне биыл тура 20 жыл болды. Осы жылдар аралығында апаттық-құтқару, іздестіру-құтқару және әртүрлі төтенші жағдайларды жою жұмыстарына қатысқан. Соның ішінде оннан астам адамның өмірін ажалдан аман алып қалған.

2022 жылы Петропавл қаласында 2-ЖЭО-ның мұржасы құлап, адам шығыны орын алғанда, ал былтыр Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанда Жанат Болатұлы осы аймақтарда зардап шеккен адамдарды құтқаруға, соның салдарларын жоюға қатысты. Түркияда 12 күн болып, алдымен Газиантепте, кейіннен Нурдагы қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалысқан Жанат серіктерімен бірге 3 адамның өмірін сақтап қалыпты.

«Құтқарушы болып әр адам жұмыс істей алмайды. Әрине, оның әртүрлі себептері болуы мүмкін. Кейбіреулер жалақыны азсынады, біреулер психологиялық тұрғыдан шыдамайды. Бірақ адамдарды құтқару, төтенше жағдай кезінде адамға көмектесу еш ақшамен өлшенбейді, сонда естіген алғысқа да ештеңе жетпейді», - деді Жанат Камерденов.

Бүгін – Құтқарушы күні. 1995 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Содан бері осы күні азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтіп келеді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар