ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ: Түркістан облысы, 17 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Қала әкімі Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Аудан халқы ең алдымен коммуналдық қызметтерге, электрмен жабдықтауға, қаңғыбас иттерді аулауға, аялдамалар орнатуға, жол белгілері мен көшелерді жарықтандыруға қатысты бірқатар кешенді мәселелерді көтерді.   Жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жолдар мен

спорт алаңдарын салу сұрақтары да қарастырылды. Тұрғындар қоғамдық көліктер мен кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қатысты ұсыныстарын білдірді.   Мегаполис басшысы мен сала басшылары кей мәселелерді сол жерде шұғыл шешті. Күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.   Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде жедел және пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Қала әкімі бірінші кезекте барлық шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.   Сонымен қатар, Базаркақпа тұрғын алабындағы көшпелі кездесу барысында қала басшысы жергілікті тұрғындардың жұмылуымен пайда болған жасыл аймақты аралап көрді. Жаяу жүргіншілер жолдарын қарастыру, қоршаулар мен бейнебақылау камераларын орнату мәселелерін қамтитын қолайлы микроклиматты қалыптастыруда және халыққа қолайлы жағдай жасауда жауаптыларға бірқатар міндеттер қойылды.   Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Қала әкімі Еңбекші ауданындағы Шаңырақ, Тұрдыабад Базарқақпа, Абдулабад шағын аудандары мен тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесті. Аудан халқы ең алдымен коммуналдық қызметтерге, электрмен жабдықтауға, қаңғыбас иттерді аулауға, аялдамалар орнатуға, жол белгілері мен көшелерді жарықтандыруға қатысты бірқатар кешенді мәселелерді көтерді.   Жер учаскелерін заңдастыру, көшелерді көгалдандыру, жолдар мен <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>спорт алаңдарын салу сұрақтары да қарастырылды. Тұрғындар қоғамдық көліктер мен кәсіпкерлік нысандарының жұмысына қатысты ұсыныстарын білдірді.   Мегаполис басшысы мен сала басшылары кей мәселелерді сол жерде шұғыл шешті. Күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.   Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері мен басқарма басшыларына қала тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде жедел және пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Қала әкімі бірінші кезекте барлық шаралар халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.   Сонымен қатар, Базаркақпа тұрғын алабындағы көшпелі кездесу барысында қала басшысы жергілікті тұрғындардың жұмылуымен пайда болған жасыл аймақты аралап көрді. Жаяу жүргіншілер жолдарын қарастыру, қоршаулар мен бейнебақылау камераларын орнату мәселелерін қамтитын қолайлы микроклиматты қалыптастыруда және халыққа қолайлы жағдай жасауда жауаптыларға бірқатар міндеттер қойылды.   Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар