Қала әкімі Ернат Бәзіл қала ардагерлерін «Халықаралық қарттар күнімен» құттықтады
Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласының Салтанат сарайында қаламыздың ардагерлер қауымын ардақтау мақсатында «Халықаралық қарттар күніне» орай, салтанатты шара өтті.
Шара шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен құттықап, ақжарма тілегімен жалғады.
- «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген сөздің өзінде үлкен мән жатыр. Біз қазақ халқы қаттарымызды ардақтап, әркез ақыл парасатына құлақ асатын елміз. Осы үрдістің жалауын құлатпай келешек жастарға дәріптеу біздің міндетіміз. Осы ұйымдастырылған шара соның бір дәлелі деп білемін», - деді қала әкімі өз сөзінде.
Бүгінде қаламызда 26 мыңға жуық ардагерлер қауымы бар болса, олардың 40-қа жуығы қалалық ардагерлер ұйымында қызмет етеді.
Салтанатты шара барысында қала басшысы қаламыздың қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жастарымызға тағылымды тәрбие беруде өзіндік үлестерін қосып жүрген ардагерлер қауымына алғыс хатын табыстап, сый-құрмет көрсетілді.
Шара жергілікті өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айта кетейік, қазыналы «Халықаралық қарттар күніне» орай, қала ардагерлеріне «Жетісу» мейрамханасында мерекелік түскі ас берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -