Қала әкімі Ернат Бәзіл бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Бүгін Талдықорғанда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесі ерекше құрметте аталып өтілді. Салтанатты шараның шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Қала әкімі талды қаламызда қажырлы еңбек етіп жүрген қаламгерлерді және БАҚ саласында өзіндік ізі бар журналитстерге Құрмет грамотасын және Алғыс хатын табыс етіп, ақжарма тілегімен жалғады.«Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі» ретінде елге адал қызмет ету – әр журналисттің абыройлы міндеті. Сіздер қашанда ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүрсіздер. Мемлекетшілдік құндылықты дәріптеп, жасампаздық пен жақсылықтың жаршысы болып келесіздер», - деді қала әкімі Ернат Бәзіл құттықтау тілегінде.Шара «Талдықорған әуендері» ХФЭ ансамбльінің өнерпаздары және «AUEN BAND» вокалды инструменталды ансамбльінің сүйемелдеуімен жанды дауыстағы концерттік бағдарламасымен жалғасты.Айта кетейік, бүгінгі қала әкімінің салтанатты қабылдауында 50-ден аса БАҚ өкілдері марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -