Қала әкімі Ернат Бәзіл «Бірлік» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті
Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл «Бірлік» шағын ауданындағы №7,9,10 және 11 үйдің тұрғындарымен кездесті.Қала басшысымен кездескен тұрғындар газға қосылу мәселесі мен абаттандыруға қатысты сұрақ көтерді.Өз кезегінде қала әкімі Ернат Бәзіл аталған «Бірлік» шағын ауданын газға қосу үшін жүйелі жұмыстар жасалынып жатқандығын және жоспарлы түрде көгілдір отынға қосып беретіндігін айтып, жіті назарына алатындығын жеткізді.Сонымен қатар, абаттандыру мәселесіне қатысты қала басшысы жауаптыларға тиісті тапсырма берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -