Қала әкімі Ернат Бәзіл әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Бүгін облыс орталығы Талдықорғанда әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараның шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ақжарма тілегімен жалғады.
Шара барысында әлеуметтік салада 30 жылдан аса уақыт қажырлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Гулжанат Демежановаға және Мария Даулетоваға «Еңбек ардагері» төсбелгісі тағылды. Сондай-ақ, осы салада табанды еңбек етіп, жалғыз басты қарттарға, мүгедектігі бар балалардың және басқа да азаматтарға көмек беріп жүрген жандарға облыс, қала әкімінің «Құрмет грамоталары» және «Алғыс хаты» табыс етіліп, құрмет төрінен көрінді.
Бүгінде үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде 120 мүгедектігі бар бала және 285 қарттарға арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Олар үшін 80-нен астам әлеуметтік қызметкер еңбек етіп келеді.
Айта кетейік, бүгінгі салтанатты шара барысында әлеуметтік салада қызмет етіп жүрген 50-ге жуық жан марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -