Қала әкімі Ернат Бәзіл үлкен теннистен ҚР чемпионы атанған жерлесіміз Айым Әсетқызын қабылдады.
Қала әкімі жас спортшыға сәттілік тілеп, алдағы додаларда толағай табыс тілеп, әркез қолдайтындығын жеткізді.
Жерлесіміз Астана қаласында жасөспірім қыздар арасында өткен үлкен теннистен ҚР чемпионы атанып, енді Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғамақ.
Талантты әрі, болашағынан зор үміт күтіп отырған жас теннисшіні Евгении Хамюков және Игорь Коренский 6 жылдан бері жаттықтырып келеді.
Талдықорған қаласында жаттығатын Айымның болашақта үлкен теннистен олимп шыңын бағындыратын тұңғыш қазақ қызы атану.
Айта кетейік, Айым 1-9 маусым аралығында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында үлкен теннистен өтетін Азия чемпионатына аттанбақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -