Қала әкімі Ернат Бәзіл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты
Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.Қайырымдылық шарасына қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, жаңа оқу жылы қарсаңында балақайларға арнайы дайындалған мектепке керекті құрал-жабдықтарды тарту етіп, естелік суретке түсті.Шара аясында қала әкімі қайырымдылық акциясына өзіндік үлестерін қосқан жомарт жанды азматтарға және кәсіпорын басшыларына алғысын білдіріп, алғыс хатымен марапаттады. Олардың қатарында, «Қайнар АКБ» ЖШС, Жетісу облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, «TASSAY» ЖШС, «Юником» ЖШС және басқа да көптеген ұйымдар мен кәсіпкерлер бар.Аталмыш қайырымдылық акциясына көпбалалы, ерекше күтімді қажет ететін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен қатар, аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты.Айта кетейік, акцияға орай жеке кәсіпкерлер балалар үшін мектепке қажетті оқу құралдарын, мектеп формаларын және балақайларды қуанту үшін тәтті дәмділерін де тарту етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -