Қала әкімінің төрағалығымен аппараттық кеңес
Кеше аппараттық кеңесте адам папиломасына қарсы иммунизация, Ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастыру, алдағы жылу беру кезеңіне көп пәтерлі тұрғын үйлерді әзірлеу бойынша жүргізілген жұмыстар мен ТКШ жандандыру бағдарламасына қатысу жөніндегі мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі резервтен адам папиломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға ақшалай қаражат бөлді, ол Қазақстанда тиісті вакцина енгізуге мүмкіндік береді. Шахтинск қаласы ауруханасының директоры ағымдағы жылдың шілде айында вакцинаны басқарудың жедел процедураларының алгоритмі мен стандартын бекіткен болатын. Вакцинаны тасымалдау және сақтау үшін қажетті тоңазытқыштар көлемінің жеткіліктілігіне, вакцинациямен байланысты медициналық қоқыстарды қауіпсіз жинау және жою үшін қорапшалармен қажетті көлемде қамтамасыз етілу барысына талдау жүргізілді. Талдау жүргізу барысында аталмыш иммунопрофилактикалық іс-шараларды жүргізуге аурухананың дайын екеніне көз жеткізілді.
Барлық Ұлттық жобалардың басты нәтижесі - ол Қазақстандықтарға жаңа жұмыс орындарын ашу және олардың әл-ауқатын арттыру мәселесі. «Жұмыс орындарын құрудың интеграциялық картасы» АЖ мәліметтеріне сәйкес біздің қаламыз бойынша жоспар 45 жұмыс орнын, оның ішінде 10 тұрақты жұмыс орнын қамтитын 12 жобаны құрайды.
Алдағы жаңа жылу беру кезеңіне дайындық жүргізу бойынша, жылу жүйесін шаю және жертөлелердегі жылу жүйесін жөндеу жөніндегі белсенді кезеңдік жұмыстар жүргізіліп жатыр, көп қабатты үй тұрғындарының арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін мемлекеттік бағдарлама бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу болатындығы жайлы түсіндірме жұмыстар жүргізілі жатыр.
Кеңесті қорытындылай келе, барлық тиісті құрылымдардың басшыларына бақылауға алынған жоспарлы көрсеткіштерді орындау туралы нақты тапсырмалар берілді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -