Қала күні аталып өтілді
Петропавл қаласының күніне арналған салтанатты шаралар өткізілді. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын осынау мерекемен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, марапаттар мен еңбегі сіңген ардагерлерге СҚО құрметті азаматы атағын табыс етті.
"Біздің қаламыздың тарихы бай, мәдениеті мен сәулеті жарасқан шаһар. Облыс орталығының басты байлығы – оның адамдары. Биылғы су тасқыны кезінде қалалықтар қиындыққа мойымай, үлкен ерлік пен шыдамдылық танытқаны үшін алғысымды білдіремін. Мемлекет тарапынан қаламыздың көркейіп, гүлденуіне бар жағдай жасалуда. Облыс орталығы қарыштап дами берсін. Қала күні құтты болсын!" — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -