Қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда!
Жылыту маусымы аясында Алатау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі жылыту кезеңінің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз қала-қауіпсіздікке жаңа көзқарас» акциясын өткізді. Қала тұрғындарына газды, тұрмыстық электр жабдықтары мен технологиясын дұрыс пайдаланбаудың салдары түсіндіріліп, көрсетілді. Бұл іс-шара жылу беру маусымында тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шаралары туралы халықты ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған.
Акция барысында ұйымдастырушылар супермаркеттер мен сауда орталықтары, құрылыс дүкендеріндегі мамандар мен азаматтарға жылыту жүйелерін қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіріп, мүмкін болатын қауіптер мен оларды болдырмау жолдары туралы кеңестер берді. Сонымен қатар, тұрғындарға тұрмыстық газ, пеш жабдықтары және электр құралдарын дұрыс қолдану бойынша нұсқаулықтар таратылды.
Өрт сөндіргішті пайдалану ережелерін оқытуға ерекше назар аударылды. Тірі макет көрсетілді, қатысушылар өрт болған жағдайда өрт сөндіргішті қалай дұрыс ұстау керектігі жайлы хабар алды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Ұйымдастырушылар халықты жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалануға үйрету мен ақпараттандыру бойынша іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы кезінде өрт шығу, газдың таралуы сияқты қауіпті жағдайлар жиі кездеседі, сондықтан бұл түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Тұрғындарға қауіпті жағдайлар туындағанда қандай іс-шаралар қабылдау керектігі және қажетті құралдарды (өрт сөндіргіштер, детекторлар) қолдану жолдары да көрсетілді.
Жылыту маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу іс-шараларын қорытындылай келе, қала тұрғындарын техника мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану және осыған ұқсас іс-шараларды тұрақты негізде өткізу қағидалары туралы хабардар етудің маңызды рөлін атап өткіміз келеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -