Алмасадам Сәтқалиев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Александр Новакпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Қазақстан әлемдік мұнай нарығын тұрақтандырудағы ОПЕК+ ұйымының маңызды рөлін, ынтымақтастық пен келісімдерді сақтау, оның ішінде өндіруді ерікті түрде қысқарту және артық өндіруді өтеу қажеттілігін атап өтті. Қазақстан өз тарапынан келісімге және ерікті қысқартуларға, сондай-ақ ОПЕК Хатшылығына ұсынылатын жаңартылған кестеге сәйкес өтемақы жасауға толық бейілді екенін растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -