ALMATY CIRCUS FESTIVAL-дің Бас жүлдесін өзбекстандық даршылар жеңіп алды
Кристина Воробьева жетекшілік ететін Өзбекстанның «Үшінші тыныс» даршылар командасы II Халықаралық цирк өнер фестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды. «Үшінші тыныс» нөмірі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, көрермен көзайымына айналды.
Гран-приден бірге өзбекстандық цирк артистері «Armoni Organizasyon» бас директоры Ахмет Экщи (Түркия) мен Қазақ мемлекеттік циркінің ардагерлерінен арнайы сыйлықтарға ие болды, сондай-ақ Санкт-Петербургте өтетін «Без границ» Халықаралық цирк өнер фестиваліне шақырту алды.
«Өнер адамы үшін фестиваль – ең керемет сәттің бірі. Бұл жаңа таныстықтың бастауы. Фестиваль керемет ұйымдастырылған. Басшылық барлығын жоғары деңгейде жасады. Бүкіл ұжымның атынан Алматы циркі табыс тілеймін және алдағы уақытта да серіктестігіміз арта түседі деп ойлаймын», - деді даршылардың Sky Angels командасының жетекшісі Кристина Воробьева.
Сайқымазақ Дэвис Вассалло Алматы қаласы әкімдігінің арнайы сыйлығымен марапатталды. Оның күлкілі нөмірлері көрермендердің қызығушылығын тудырды. Бұл ретте итальяндық артистің өзі интерактивті қойылымдарына көрермендерді барынша тартуға тырысты.
Алтын жүлде ресейлік трапеция гимнастшысы «Күнге қарау» нөмірін көрсеткен Мария Терентьеваға, оның жерлестері әуе сақинасы «Дуо Антресол» нөмірін ұсынған Светлана Михнюк пен Алина Габбасова, сондай-ақ Қытайдан келген эквилибрист Вонг Мэнчэнге берілді.
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құрманғали Досбатыровтың жетекшілігіндегі алматылық әуешілер Марина Стародубова мен Даяна Жетпісованың дуэті де жүлдесіз қалмады. Олар «Жаңбырда ұшу» атты нөмірі үшін күміс медальді, Түркия мен Грузиядан келген қазылар алқасының арнайы сыйлығын, сондай-ақ Италияда өтетін Халықаралық цирк өнер фестиваліне шақырту жеңіп алды. Эфиопиялық «Қара бүркіттер» мен ресейлік Евгений Комисаренко да үйретілген иттерімен өнер көрсеткені үшін күміс жүлде жеңіп алды.
«Қола» жүлдеге әуе гимнастшысы Кимберли Дзаватта (Италия), белдіктегі әуе дуэті Роман Кронжко мен Ангелина Прохорова (Украина), сондай-ақ трапеция гимнастшысы Джоан Годиньо (Португалия) ие болды.
Ал Астана қаласының «Астаналық циркінен» Нұрым Күленбаев жетекшілік ететін «Virtuoso» жонглерлер тобы Қытай ұлттық акробатикалық труппасының арнайы жүлдесімен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ мемлекеттік циркіндегі фестиваль бағдарламасы 25 тамызға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -