Алматыда 2024 жылы экологиялық қоғамдық көліктің үлесі 70%-ға дейін ұлғаяды
Алматыда қоғамдық көлікті дамыту аясында оның экологиялық түріне көшуін қамтамасыз ету және жаңарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды қалалық мобилділік басқармасы.
Биыл жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600 автобус, 100 электробус және 112 троллейбус сатып алуға тапсырыс орналастырылды.
Жеке автопарктер осы жылдың бірінші жартыжылдығында газбен жүретін 150 автобус пен 15 электробус сатып алды.
Осылайша, 2024 жылы экологиялық таза қоғамдық көліктің үлесі 53,7%-дан 70%-ға дейін ұлғаяды, орташа пайдалану мерзімі 3 жылдан 2,5 жылға дейін қысқарады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -