Алматыда 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыру жолдары талқыланды
Алматы, 2024 жылғы 1 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «БҰҰ Плаза» ғимаратында Алматыда аккредиттелген БҰҰ агенттіктерінің өкілдіктер басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында Ж. Әбдрашов Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, бұл БҰҰ даму жүйесі мен Қазақстан үкіметі реформаларының басымдығы деп атады. Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Алматы қаласындағы Тұрақты даму жөніндегі БҰҰ өңірлік орталығын құру туралы Қазақстанның бастамасына ерекше назар аударылды. «Біз бұл орталықты өңірдегі Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды тетігі ретінде құруды ұсындық», – деп атап өтті ол.
Кездесу аясында БҰҰ құрылымдары мен өңір елдерінің үкіметтері арасында 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін іске асыру талқыланды. Сондай-ақ тараптар өңірдегі нақты климаттық іс-әрекеттерді қолдау және жеделдету бойынша жобаларды дайындаға және іске асыруға бағытталған Алматыдағы Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі және жасыл энергия жөніндегі жобалық кеңсенің қызметін талқылады.
Кездесу соңында БҰҰ өкілдері ағымдағы қызметі туралы хабарлап, Қазақстанда және бүкіл өңірде маңызды жобаларды іске асыру үшін одан әрі ынтымақтастыққа дайындығын растады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -