Алматыда 32 жыл бойы жөндеуді көрмеген сорғы станциясы реконструкцияланады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданында жұмыс сапары барысында Волховская көшесінде орналасқан сумен жабдықтаудың апаттық сорғы станциясына барды. 1987 жылы салынған сорғы станциясы 500-ден астам тұрғыны бар 4 көп қабатты тұрғын үйді ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Жалпы негізгі сорғы станциясы жұмыс істемейді, 32 жыл бойы жөндеудің болмауы нысанды апатты жағдайға жеткізді. Қазіргі уақытта тозығы 90% резервтік сорғы жұмыс істейді.
Қала басшысының тапсырмасы бойынша сорғы станциясына тексеру жүргізіліп, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының сметалық құны анықталды. Жұмысты осы жылдың маусым айында бастау жоспарлануда.
Алматы әкімі тұрғындардың тыныс - тіршілігін қамтамасыз ететін объектіні реконструкциялауды дереу қолға алуды және жұмыстар аяқталғаннан кейін сорғы станциясын «Алматы Су» МКК балансына беруді, оны қалалық жүйенің бір бөлігіне айналдыруды тапсырды.
Айта кетерлігі, 2023 жылы Алмалы ауданында осыған ұқсас тағы екі апаттық нысан мәселесі шешілді. 26 жыл ішінде алғаш рет Айтиев көшесі, 13 мекенжайдағы 26 жыл ішінде жөндеу көрмеген сумен жабдықтау сорғы станциясы толығымен қайта жаңартылды. «Панорама» КЖК су бұру және сумен жабдықтау сорғы станциясында авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 1600-ге жуық абонент тұрақты және сапалы сумен қамтамасыз етілген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -