Алматыда 6 мыңнан астам кітап оқушылар мен мұғалімдерге электронды және аудио форматта қолжетімді
Алматыда қаладағы барлық мектептің оқушылары мен мұғалімдері 6 мыңнан астам көркем әдебиет туындысына электронды және аудио форматта қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев педагогтердің қалалық тамыз кеңесінде мәлімдеді.
Шаһар басшысы Алматыда цифрлық шешімдер балаларға арналған білім беру мазмұнын айтарлықтай өзгертетін және жақсартатын бірқатар жобаның жүзеге асып жатқанын айтты.
«Kitap.kz жобасы қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне электронды және аудио форматтағы 6000-нан астам көркем әдебиет туындысына қолжетімділікті қамтамасыз ететін бірегей цифрлық кітапхана ретінде өзінің тиімділігін көрсетті», - деп Ерболат Досаев цифрлық платформалар жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеудің және үздіксіз оқытуға жағдай жасаудың негізгі құралына айналып отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, Алматыда 2024-2025 оқу жылының қарсаңында «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында педагогтардың қалалық тамыз саммиті өтіп жатыр.
Саммит педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру саласындағы озық тәжірибе және жаңа технология алмасуға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -