Алматыда қалалық сенбілікте 130 тонна қоқыс жиналды
Алматыда Қала күні қарсаңында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қалада жаппай тазалық жұмыстары өтті. Іс-шараға еріктілер мен қаланың коммуналдық қызметтері қатысып, 103 бірлік техника мен 1400-ден астам адам жұмылдырылды.
«Бүгін әсем қала - Алматы күні қарсаңында белсенді жастар, қаланың жаппай тазалық жұмыстарына қатыстық. Қаламыздың тазалығы мен сұлулығын сақтау – менің азаматтық борышым. Сенбіліктің арқасында жаңа достар таптым, командада жұмыс істедім және қаламыздың тазалығына кішкентай болса да үлес қостым», — деді ерікті Дарын Ершатов.
Қатысушылар демалыс аймақтарын, өзен жағалаулары мен бос жатқан жерлерді тазалады, оның ішінде Бент тоғандары, Үлкен Алматы өзені, Қарғалы өзені және басқа да аумақтар бар. Сондай-ақ, Бұқар Жырау бульвары, Ангарская көшесі, Мұзтау шағын ауданы және басқа да қоғамдық орындар тазартылды.
Сенбілікте қатысушылар шамамен 652 м³ (130,4 тонна) қоқыс жинап, шығарды. Мұндай сенбіліктер қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және Қала күні қарсаңындағы дайындыққа үлес қосты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -