Алматыда халықаралық «New Vision: Бизнес күші» форумы өтеді: Алматы қаласы, 10 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматыда халықаралық «New Vision: Бизнес күші» форумы өтеді

27-29 маусымда Алматы қаласында алғаш рет «New Vision: Бизнес күші» жаһандық бизнес-форумы өтеді, ол Қазақстандағы жылдың ең жарқын, әрі маңызды бизнес-оқиғасы болмақ.

Үш күн бойы оңтүстік астана қазақстандық ғана емес, сонымен қатар шетелдік бизнес-көшбасшылардың, көрнекті саяси қайраткерлердің жиын ортасына айналады.

Форумның негізгі тақырыптары AI дәуіріндегі жаһандық мегатрендтерге, бизнес пен нарықтарға және өзгерістер дәуіріндегі көшбасшылыққа арналады.

Осындай ауқымды іс-шараны өткізіп, диалог алаңын құруға себеп — аймақтың дамуы, халықаралық бизнес қызығушылығының артуы және жергілікті стартаптардың айтарлықтай өсуі.

Іс-шараға түрлі салалар өкілдері: бизнесмендер, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар, коучтер мен өнер қайраткерлері, олардың ішінде интернет новаторы — Джефф Хоффман, Virgin Group негізін қалаушы — Ричард Брэнсон, жетістік психологиясы саласындағы әлемдік сарапшы — Брайан Трейси, Astana Group иесі, меценат — Нұрлан Смағұлов, Kusto Group негізін қалаушы-серіктесі, YPO Kazakhstan төрағасы — Қанат Көпбаев, Freedom Holding иесі —Тимур Турлов, «Mr Body Language», 15 бестселлер авторы — Аллан Пиз, BI Group акционері, филантроп — Айдын Рахимбаев, Прасанна Санкар — құны 11,5 миллиард долларға бағаланған Rippling қызметкерлерді басқару стартапының негізін қалаушы және басқа да көрнекті кәсіпкерлер мен өз саласында үздік қайраткерлер қатысады.

New Vision аясында түрлі форматтар қарастырылған: панельдік сессиялар, воркшоптар, көрме, тәлімгерлік аймағы, ашық пікірталастар.

Биыл форумға Димаш Құдайберген қатыспақ.

Әлемге әйгілі әнші өзінің ең танымал хиттері мен жаңа әндерін орындап, арнайы бағдарлама ұсынады.

Ұйымдастырушылар Қазақстандағы су тасқынына байланысты іс-шарадан түскен табыстың 50%-ын зардап шеккен өңірлерге аудару туралы шешім қабылдады.

Іс-шараны Nobel Fest әлемдік ғылыми фестивалі Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO)-мен бірлесіп ұйымдастырады.

Күні: 2024 жылдың 27-29 маусымы

Уақыты: 08:00 — 18:00

Өтетін жері: Алматы қ., Республика сарайы — негізгі алаң, «Қазақстан» қонақ үйі, «Novotel» қонақ үйі.

БАҚ үшін байланыс нөмірі: +77019992819, +77775971199

email:

pr@nobel-fest.org

yos.consult@gmail.com

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар