Алматыда көктайғаққа қарсы шараларға 800-ден астам техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылды
Алматыда 14 қазаннан бастап жауын-шашын түсе бастады, аракідік жаңбыр жауады. «Қазгидромет» РМК-ның болжауынша, ертең, 17 қазанда қар жаууы мүмкін. Күн райының суытуына байланысты ауа температурасы төмендеп, көктайғақтың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Көктайғақ қаупіне байланысты, әсіресе әл-Фараби даңғылынан жоғары аймақтарда көлік иелері қауіпсіздік үшін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғаны жөн.
Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшысы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалған.
Жолда көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көлік арақашықтығын сақтап, шұғыл бұрылмауы керек, өйткені апат қаупі жоғарылайды. Жаяу жүргіншілер де тротуарларда жұқа мұздың пайда болу қаупіне байланысты абай болуы қажет.
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -