Алматыда көшеттерді тегін тарату бойынша «Жасыл аула» күзгі акциясы басталады
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы жыл сайын өтетін «Жасыл аула» акциясы аясында қаланы көгалдандыру және жасыл қорды сақтау бағдарламасын жалғастырып келеді. Осы маусымдағы акцияның басталуы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасына орайластырылды.
2024 жылдың күзгі кезеңінде қала тұрғындары көпқабатты үйлердің аулалары мен қоғамдық орындарды көгалдандыру үшін жапырақты ағаштардың көшетін тегін ала алады.
Көктемгі кезеңде өткен акцияға қала тұрғындары белсенді қолдау көрсетті: жеке және заңды тұлғалардан 200-ден астам өтінім қабылданды. Көктемгі науқанның нәтижесінде тұрғындарға 3 мыңнан астам жапырақты ағаш көшеттері таратылды. Бұл бастама қала тұрғындарының экологиялық белсенділігін арттыру және мегаполис тұрғындары үшін жайлы жасыл аймақтар құру бойынша маңызды қадам болды.
Акцияның күзгі кезеңі азаматтардан өтінім қабылдаудан басталады. 2024 жылдың 23 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында алматылықтар көпқабатты үйлердің аулалары мен жалпыға ортақ аумақтарға ағаш отырғызу үшін көшет алуға өтінім бере алады. Өтінім қабылдаудың басталғаны туралы ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.
Акцияға қатысу үшін
электронды поштасына мынадай мәліметтерді жіберу қажет: Бастамашыл тұлғаның аты-жөні және байланыс деректері, отырғызылатын жердің нақты мекенжайы; Жоспарланған отырғызу орнының бірнеше фотосуреті (орынды бағалау үшін панорамалық фотосурет болғаны жөн); Қажетті көшеттердің санын көрсету.Көшеттер 2024 жылғы 12-13 қазанда Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9-үй мекенжайында («Eco Almaty» ЖШС) таратылады. Акцияға қатысатын тұрғындар ағаш отырғызғаннан кейін фотоесеп ұсынуы қажет.
Акция туралы қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының жасыл қор мониторингі және басқару бөліміне +7 771-161-98-50 телефоны арқылы хабарласуға болады.
«Жасыл аула» акциясы – Алматы тұрғындарының шаһарды көгалдандыруға, оны одан әрі жасыл әрі жайлы етудің тамаша мүмкіндігі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -