Алматыда кезекті заңсыз кафені бұзуға кірісті
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған Айнабұлақ -1 6 «Б» ш/а кафені бұзудың басталғаны туралы хабарлады.
Кафенің меншік иесі (жеке тұлға) АПЗ, эскиздік жобаны келісу, жобаны сараптау және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаса да құрылысты салған.
Бұрын Басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берген болатын.
2024 жылғы 7 ақпанда Басқарма Жетісу аудандық сотына объектіні бұзуға талап арыз берді. Сот шешімімен талап-арыздар қанағаттандырылды, қалалық соттың 2024 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.
Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 53 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «Khan», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -