Алматыда комьюнити орталықтардың саны 16-ға дейін көбейеді
Алматыда жастарға арналған комьюнити орталықтардың саны 16-ға дейін көбейеді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев хабарлады.
«Біз уәде еткендей, қалада 16 комьюнити орталық болады. Биыл 4-еуін, келесі жылы тағы 4-еуін ашамыз. Комьюнити орталықтардың пайдасы мол, жастардың басын қосатын орындар пайда болды», - деді қала басшысы Ерболат Досаев.
Қазір қаланың әр ауданында бір-бірден 8 комьюнити орталық ашылған.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда жастардың әлеуетін толыққанды іске асыру, сондай-ақ жастарға атаулы көмек көрсету үшін өткен жылы жастар комьюнити орталықтар ашылған.
Әрбір комьюнити орталық – 300 м2 қоғамдық кеңістік, психологиялық, заң көмегі, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, кәсіпкерлік мәселелер бойынша кеңес беру, сондай-ақ жастар идеясын жеделдету үшін коворкинг аймақ бар.
2024 жылдың басынан бері 750-ден астам іс-шара өткізіліп, 30 мыңнан астам жас қатысқан. «Онай» картасы негізінде комьюнити орталықтардың резиденттері үшін клубтық карточкалық жүйе енгізілді. Карта көлікке, қоғамдық тамақтануға, спорттық және мәдени инфрақұрылымды пайдалануға, оқытуға, шеберлік дәрістеріне және т.б. дисконт ұсынады.
Сондай-ақ, қалада жастарға арналған 34 демалыс орталығы жаңғыртылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -