Алматыда онлайн форматта 28 мың оқушы жер сілкінісі мен өрт кезіндегі іс-әрекеттермен таныстырылды
Оқу жылы басталды, сондықтан халыққа жер сілкінісі кезіндегі олардың іс-әрекеттерін жеткізу, әсіресе мектеп жасындағы балалар үшін өте маңызды.
2024 жылғы 16 қыркүйекте жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қалалық жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының алаңында Алматы қаласының орта білім беру объектілерінің оқушыларымен оқу тренингі өткізілді.
Тренинг барысында оқушыларға жер сілкінісіне дейінгі, кезінде және одан кейінгі халықтың іс-әрекеттері, таулы орманды жерлерде өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат жеткізілді.
«Дабыл чемоданының» құрылымына және бөлмедегі қауіпсіз орынды анықтауға ерекше рөл бөлінеді.
Өскелең ұрпақ жер сілкінісіне дейін қандай әрекеттер жасау керектігін түсінді, олардың қауіпсіздік мәдениетін арттырды. Бейнебайланыс арқылы Алматы қаласының Алатау, Алмалы және Әуезов аудандарындағы 93 мемлекеттік және жекеменшік мектептерден барлығы 28 мыңнан астам оқушы қатысты.
Оқу тренингтері оқу жылы аяқталғанға дейін апта сайын өткізілетінін атап өткен жөн.
Алматы қаласы ТЖД
баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -