Алматыда сот шешімімен көлік жуу нысаны сүрілді
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысан заңсыз салынған.
Бекмаханов көшесінің батысында Солтүстік айналма көшесінің солтүстік жағындағы учаскедегі нысанды жоспардан тыс тексеру барысында тиісті рұқсат құжатының жоқтығы анықталды.
Басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға шағым түсірген. Жетісу аудандық сотының 2022 жылғы 9 маусымдағы шешімімен автокөлік жуу өз бетінше салынған деп танылды.
Жақында меншік иесі (жеке тұлға) қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен нысанды ерікті түрде бұзды.
Жалпы, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Граф», «Алма Гарден» ТҮК және т.б. бар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -