Алматыда жаңа қала маңы бағыты ашылды
Алматыда мегаполисті агломерациямен көлік байланысын арттыру мақсатында қала маңындағы қоғамдық көлік бағыттарын ашу жалғасын тауып келеді.
15 қазаннан бастап үлкен сыйымдылықтағы автобустар «Райымбек» метро бекетінен Есік қаласына дейін қатынайды, соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы.
№252 бағытында 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут. Бұл бағытқа «ECOBUS SERVICE» ЖШС қызмет көрсетеді.
Бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын. Жыл соңына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -