Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға болмайтын ТК тізімі жаңартылды
Ағымдағы күннің өзекті ақпараты бойынша тізім 36 тұрғын үй кешенінен тұрады, деп хабарлайды Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы.
Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.
Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.
Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -