Алматы әкімі Ерболат Досаев Санкт-Петербургтен келген делегациямен бірге бауырлас қалалардың мәдениетаралық және экономикалық қатынастарын нығайту мен дамыту мәселесін талқылады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Санкт-Петербург заң шығару жиналысының төрағасы Александр Бельский мен Санкт-Петербургтің вице-губернаторы Борис Пиотровский бастаған делегациямен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мен дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру және мәдени-гуманитарлық салада, білім мен ғылымда тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Тараптар Алматы мен Санкт-Петербургтің бауырластығы туралы келісімге жаңа серпін беруге келісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -