Алматы әкімдігі мен халықаралық ұйым ТЖ қаупін азайту бойынша өзара іс-қимылды күшейтеді: Алматы қаласы, 25 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматы әкімдігі мен халықаралық ұйым ТЖ қаупін азайту бойынша өзара іс-қимылды күшейтеді

Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы бірқатар бағыт бойынша ынтымақтастықты күшейтеді. Тараптар Алматының даму орталығымен бірлесіп тиісті меморандумға қол қойды.

Басқарма басшысы Батырхан Сүлейменов қалада ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізу мен ТЖ кезінде халықтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыру бойынша жұмыстың белсенді жүргізіліп жатқанын атады. Оның айтуынша, сейсмоаудит аяқталғаннан кейін 6 балдан және одан жоғары жер сілкіністерінің ықтимал нәтижесін модельдеудің арнайы ақпараттық жүйесі әзірленеді.

«Меморандум Орталық Азия елдерінің қолданыстағы ұлттық жүйесін біріктіру жолымен жер сілкінісінің туындау қаупі туралы ерте хабарлаудың және өзара хабарлаудың өңірлік жүйесін күшейту жөніндегі қызметті шоғырландыруға бағытталған. Сондай-ақ, біз түрлі апаттың қауіп факторын бағалау бойынша халықаралық әдістемелерді бірлесіп енгіземіз», - деді Батырхан Сүлейменов.

Өз кезегінде төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының директоры Серік Әубәкіров бұл келісім барлық мүдделі тараптың күш-жігерін шоғырландыруға және ТЖ алдын алу саласына инвестиция тартуға ықпал ететінін атап өтті.

Айта кету керек, Орталық ҚР Сыртқы істер министрлігінде мемлекетаралық орган – халықаралық ұйым ретінде тағайындалған. Негізгі қызмет – апаттар қаупін азайту, ТЖ алдын алу және жою, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Алматы қаласының Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы мен Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығы бірқатар бағыт бойынша ынтымақтастықты күшейтеді. Тараптар Алматының даму орталығымен бірлесіп тиісті меморандумға қол қойды.

Басқарма басшысы Батырхан Сүлейменов қалада ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізу мен ТЖ кезінде халықтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыру бойынша жұмыстың белсенді жүргізіліп жатқанын атады. Оның айтуынша, сейсмоаудит аяқталғаннан кейін 6 балдан және одан жоғары жер сілкіністерінің ықтимал нәтижесін модельдеудің арнайы ақпараттық жүйесі әзірленеді.

«Меморандум Орталық Азия елдерінің қолданыстағы ұлттық жүйесін біріктіру жолымен жер сілкінісінің туындау қаупі туралы ерте хабарлаудың және өзара хабарлаудың өңірлік жүйесін күшейту жөніндегі қызметті шоғырландыруға бағытталған. Сондай-ақ, біз түрлі апаттың қауіп факторын бағалау бойынша халықаралық әдістемелерді бірлесіп енгіземіз», - деді Батырхан Сүлейменов.

Өз кезегінде төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығының директоры Серік Әубәкіров бұл келісім барлық мүдделі тараптың күш-жігерін шоғырландыруға және ТЖ алдын алу саласына инвестиция тартуға ықпал ететінін атап өтті.

Айта кету керек, Орталық ҚР Сыртқы істер министрлігінде мемлекетаралық орган – халықаралық ұйым ретінде тағайындалған. Негізгі қызмет – апаттар қаупін азайту, ТЖ алдын алу және жою, сондай-ақ климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.

Аймақтағы жаңалықтар