Алматының «Алатау» театры Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай музыкалық драма ұсынады: Алматы қаласы, 11 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Алматының «Алатау» театры Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай музыкалық драма ұсынады

«Алатау» дәстүрлі өнер театры жаңа VIII театр маусымында көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай, көрермендерге музыкалық драма жанрында спектакль ұсынады. Оның премьерасы 2025 жылдың сәуірінде жоспарланып отыр. Бұл туралы баспасөз конференциясында театр директоры Мақсат Нұралиев хабарлады. Ол сондай-ақ келесі жылы ақын, философ және халық ағартушысы Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай шығармашылық ұжым көрермендерге «Атымды адам қойған соң» музыкалық-театрландырылған қойылымын дайындап жатқанын атап өтті.

Жалпы, театр жаңа эксперименттерге дайын. VIII маусымның ашылуы үшін «Алатау» дәстүрлі өнер театры белгілі жас режиссер Есләм Нұртазинді арнайы шақыртқан. Оның режиссерлігімен жаңа музыкалық комедия жанрындағы Alatau FM radiosy спектаклі сахналанды.

Alatau FM radiosy спектаклінің режиссері Есләм Нұртазин: «Бұл шынымен де театр үшін жаңа бағыт. Вокалист және саксофоншы Ермек Меденов спектакльдің музыкасын жазып, сүйемелдеу үшін әйгілі шығармаларды өңдеді. Бұл ретте, музыканттар да сахнада ойнап, рөлін орындайды. Актерлік құрамның ішінде тәжірибелі артистер де, жас музыканттар да бар. Олар көрермендерді өнерімен қуантып, керемет көңіл-күй сыйлайтынына сенімдімін. Комедия әрқашан көрерменннің жан дүниесіне арналған, ал біз- радиода жоғары рейтинг үшін контент өндірушілердің қандай «ерлікке» баратынын көрсетеміз», - деді.

Сондай-ақ, жаңа маусымда театр артистері Мәскеудегі А.П.Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалінде өнер көрсететінін хабарлаймыз. Онда Алматы труппасы «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» саундрамасымен қатысады. Дәл осындай жаңалықпен, «QULAN» феериялық қойылымы Франциядағы Авиньон фестиваліне шақырту иеленді.

Сонымен қатар, келесі жылы Ресейде, Еуропа елдерінде театр қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарын өткізу де жоспарлануда. Ал «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ғимаратын жақын арада күрделі жөндеу жұмыстары басталады, бұл көрермендерге де, шығармашылық ұжымға жайлы жағдай туғызбақ.

Ақпарат көзі: КГУ «Аппарат акима города Алматы»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар