Алматының Түрксіб ауданында 57 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Алматыда Сүйінбай даңғылы бойындағы Гаршин көшесінен Бекмаханов көшесіне дейінгі аралықтағы құбырды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Биыл қайта жөнделген бөліктің ұзындығы 644,5 метр. Ауыстырылған құбыр 1967 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта 3 көпқабатты тұрғын үй мен 1 жеке үйді жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Жалпы, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада 20 шақырым жылу жүйесі қайта жаңғыртылуда. Алматының 6 ауданында жылытуаралық кезеңге жоспарланған қайта құру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Жылу желілерін қайта құру жүргізілген аумақтарды абаттандыру ауа райына қарай кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желісінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервисінде жарияланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -