Алматының Түрксіб ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сүйінбай даңғылының бойындағы учаскелердің бірінде көлік қозғалысы уақытша жабылады
Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылының бойымен 16 тамыз (жұма) сағат 23:00-ден 19 тамыз (дүйсенбі) таңғы сағат 06:00-ге дейін екі бағытта да автокөлік қозғалысы жабылады.
Уақытша шектеулер белгіленген көше бөлігінің жол бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесін жаңғырту жөніндегі жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілгелі отыр.
57 жыл бұрын (1967 жылы) пайдалануға берілген, жалпы ұзындығы шамамен 0,7 километрді құрайтын жаңғыртылатын жылу магистралі жылу энергиясын жергілікті қазандықтан мегаполистің солтүстігіндегі аталған секторда орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.«Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -