Алматы облысын таза ауыз сумен жабдықтау: Жетістіктермен келешегі
Алматы облысында қалалық және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды жақсарту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Облыста орталықтандырылған сумен 100% қамтамасыз етілген аудандық маңызы бар 2 қала (Алатау және Қонаев) және аудандық маңызы бар 3 қала (Қаскелең, Есік, Талғар) бар. 368 ауылдық елді мекеннің ішінде 343 елді мекенде (93,3%) орталықтандырылған су құбыры бар, 23 (6,3%) орталықтандырылмаған су құбырымен (меншікті құдықтармен), 2 ауыл (0,5%) суды көлік арқылы алады.Облыстың су құбыры желілерінің ұзындығы 5128 шақырым болса, оның 53,5 пайызы қазірдің өзінде тозығы жеткен. 2743 шақырым су құбыры желілерін жөндеу және қайта жаңарту қажет.2023 жылы сумен қамтуды толық қамтамасыз ету үшін бюджеттен 18,8 млрд теңге бөлінді, оның 11,8 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 3,9 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен, 3,1 млрд теңгесі Үкімет резервінен. Осы кезеңде облыстағы түрлі елді мекендерді қамтитын 70,4 шақырым су құбыры желісі салынып, қайта жаңартылды.Биылғы жылы 48 жобаны жүзеге асыруға 19,2 млрд теңге бөлінді (оның 30-ы 2023 жылдан бері аударылады), оның 14,4 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 4,8 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен.«Әр елді мекенде таза ауыз су» жалпыұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдары облыста 2 қала мен 79 елді мекенде желілерді қайта жаңғырту жоспарлануда. Сонымен қатар орталықтандырылмаған сумен қамтылған 25 елді мекен үшін 6 ауылда жаңа құрылыс және 19 ауылда су тазарту үшін толық блоктық модульдер орнату жоспарлануда.Барлық жобаларды аяқтағаннан кейін 1 428,6 шақырым су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда, бұл желілердің тозуын 47%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай ауылдық елді мекендердің 99,6 пайызын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.2023 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы әкімдігінің №431 қаулысымен «Алатау» коммуналдық шаруашылығы» ЖШС құрылды. Бұл ұйымды құрудағы мақсат – 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ «Инвестицияларға айырбас тарифі» бағдарламасын жүзеге асыру.Бұл шаралар мемлекеттік меншіктегі сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын оңтайландыруға, олардың тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және инвестиция тартуға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -